Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
13 қазанда еліміздің 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлытау облысында оңтүстік бөлігінде өте жоғары, ал шығыс және облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысында тау асуларында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Сонымен қатар облыстың солтүстік, оңтүстік, батыс және шөлейтті аймақтарында, Түркістан қаласының өзінде де өте жоғары өрт қаупі сақталып отыр.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі. Сонымен қатар облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде өте жоғары, ал солтүстік-шығыс пен батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында да тұман түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде байқалады. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары. Ақтау қаласында да түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысында шығыстан және солтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аймақтарда 17-22 м/с жылдамдыққа дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде.
Алматы облысында таулы өңірлерде түнгі уақытта тұман түседі. Оңтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысында солтүстік және шығыс аудандарда түнде және таңертең тұман болады. Батыс бөлікте желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-батыста өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысының оңтүстік, солтүстік және шығыс бөліктерінде жоғары, ал батыс пен солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз батыс және солтүстікте 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Солтүстік бөлігінде жоғары, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысында түнгі және таңғы уақыттарда батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстік-батыста, ал күндіз шығыс пен оңтүстікте жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары деңгейде.
Павлодар облысында оңтүстік және шығыс өңірлерде тұман күтіледі, жолдар көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Таңғы және күндізгі уақыттарда батыс пен оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.