Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

27.11.2023
1 мин
2
2416
Фото: gov.kz

"Қазгидромет" 27 қарашаға арналған Қазақстан аумағында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, екпінді жел соғады. 

"Қазақстан Республикасының батысында және солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болып қала береді, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республиканың қалған бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.  Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде көктайғақ болады".

"Қазгидромет" РМК

 

Дауылды ескерту

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында таңертең және күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Астанада 15 м/с екпінмен жел соғады, жол көктайғақ болады.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Көкшетауда да жолдарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында тұман болады.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

 

Ақтөбе облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Г
Гулмира 27.11.2023
Я брак ескы үйде турамыз обшагада отопления бар брак үй салкынкатты суытса не болад
Жауап беру
А
Айгуль 27.11.2023
Шымкент не боп жатыр
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл