| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандағы ірі су қоймаларында қазіргі таңда 64,2 млрд текше метр су жиналған. Бұл көрсеткіш су қоймаларының жалпы жобалық сыйымдылығының шамамен 75%-ына тең, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетовтың айтуынша, қолда бар су қоры биылғы суару маусымында ауыл шаруашылығының қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті.
Оның мәліметінше, Су ресурстары және ирригация министрлігі гидрологиялық ахуалды, өзендерден келетін су көлемінің болжамын және диқандардың сұранысын ескере отырып, су қоймаларының жұмыс режимін күн сайын реттеп отырады.
Мұндай басқару тәсілі гидрологиялық жағдай өзгерген жағдайда жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, еліміздің барлық өңірлеріне судың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.