| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына және барша мұсылман қауымына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бас мүфти қаралы хабардың ауыр тигенін айтып, марқұмның иманы өзіне серік болып, мәңгілік мекені жәннат болуын тіледі.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы ҚМДБ-ны басқарған жылдары мұсылман мемлекеттерімен байланыс орнатып, ынтымақтастықты нығайтты. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалап, 30-дан аса мешіттің салынуына ықпал етті. Айта кетейік, ҚМДБ 1990 жылы 12 қаңтарда Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайында құрылып, оның алғашқы төрағасы болып Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланған еді.