Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақтың намысын қорғаған Шұғыла Өмірбек әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Қазақтың намысын қорғаған Шұғыла Өмірбек әлем чемпионы атанды

25.10.2025
мин
0
77
Сурет: baq.kz

Шұғыла Өмірбек 55 келі салмақта алтын медальды қанжығасына байлады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Финалда ол түркиялық балуан Туба Демирді 12:8 есебімен ұтып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл – Қазақстан әйелдер күресі тарихындағы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медаль.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті жеңісімен құттықтап, бұл жетістік ел спортының дамуына серпін беретінін атап өтті. Президент өз құттықтауында:

- Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өз табандылығы мен еңбекқорлығымен табысқа жетіп жүрген жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспін! – деді Мемлекет басшысы.

 

Шұғыла Өмірбектің бұл жеңісі – қазақстандық спорттың жаңа белесін айқындаған маңызды оқиға болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл