Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Қазбек Құсайынов келді. Ол бұл лауазымға өз еркімен қызметтен кеткен Серікқали Брекешевтің орнына тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Компанияның Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының ұйымдық құрылымы өзгертіліп, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС құзыреттер орталығының аясын кеңейтуге байланысты кейбір құрылымдық блоктардың міндеттері қайта қаралған. Атап айтқанда, корпоративтік даму саласы күшейтіліп, газ жобаларын басқару функциясы қайтадан мұнай және газ өндіру блогына берілген.
Хабарламада атап өтілгендей, Қазбек Қайнарбекұлы Құсайынов ендігі кезекте ҚМГ-ның стратегиялық және корпоративтік даму бағыттарына, тұрақты даму мен ESG көрсеткіштеріне, жобаларды басқару тиімділігіне, сондай-ақ декарбонизация және экология мәселелеріне жетекшілік етеді.
Айта кетейік, Қазбек Құсайынов еңбек жолын 2000 жылы "ҚазТрансОйл" компаниясында әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастаған. Кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында активтерді басқару департаментінің бас маманы, "ҚазТрансГаз" компаниясында түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, M&SE ЖШС бас директорының орынбасары болды. 2023 жылдың тамыз айынан бері «ҚазТрансОйл» компаниясының Директорлар кеңесінде тәуелсіз директор ретінде қызмет етті.