Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҚазСтандарт Халал СРО Дубайда халықаралық деңгейде танылғанын растады
Жаңалықтар

ҚазСтандарт Халал СРО Дубайда халықаралық деңгейде танылғанын растады

20.06.2025
1 мин
0
127

"ҚазСтандарт" РМК Халал сәйкестігін растау жөніндегі органы Біріккен Араб Әмірліктерінде қайта аккредиттеуден сәтті өтті. Бұл рәсімді әлемдегі ең беделді исламдық аккредиттеу орталықтарының бірі — Emirates International Accreditation Centre (EIAC) жүргізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚазСтандарт 2022 жылдан 2025 жылға дейін осындай халықаралық аккредиттеуден өткен және аттестаттың қолданылу мерзімін 2028 жылға дейін сәтті ұзартқан Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз ұлттық орган болып табылады.

ҚазСтандарт берген Халал сертификаттары БАӘ-де ресми түрде танылады. Бұл БАӘ нарығына шығу рәсімін едәуір жеңілдетеді, халықаралық сертификаттау шығындарын азайтады және шетелдік әріптестердің қазақстандық өнімге деген сенімін нығайтады.

Парсы шығанағы елдері үшін ет және ет жартылай фабрикаттары, шұжық өнімдері, өңделген ет өнімдері, сондай-ақ дайын аспаздық өнімдер сияқты санаттар ерекше қызығушылық тудырады. Бұл тауарлар қазірдің өзінде Халал сертификатталған өнімдерге сұраныс тұрақты түрде жоғары және өсіп келе жатқан Таяу Шығыс елдерінің сөрелерінде сәтті шығуда.

— Қайта аккредиттеу — бұл жай ғана формальды рәсім емес. Бұл ұлттық Халал инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ықпал ететін, шетелдік сатып алушылар тарапынан тұрақты сенімді қалыптастыратын және қазақстандық бизнесті халықаралық аренада масштабтауға жағдай жасайтын стратегиялық қадам, — деп атап өтті "ҚазСтандарт" РМК бас директоры Мәлік Сәулебай.

ҚазСтандарт Халал СРО сертификаттары Қазақстан өндірушілеріне БАӘ нарығына тұрақты шығуға мүмкіндік беретінін атап өтеміз. Әлемдегі ең ірі Халал өнімнің логистикалық және сауда хабы болып табылатын Дубайда танылуы — Қазақстанның сенімді экспорттаушы ретіндегі ұстанымын нығайтады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл