Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазыбек Иса: Мектептерде аралас оқыту жүйесін тоқтату керек
Жаңалықтар

Қазыбек Иса: Мектептерде аралас оқыту жүйесін тоқтату керек

14.06.2023
2 мин
2
903

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп ғимараттарының мүшкілдігі және қазақ мектептерінің жағдайы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депуттатың айтуынша, апаттық жағдайда тұрған мектеп ғимаратының жағдайын ата-аналар хатынан оқыған. Риддердегі алғашқы қазақ мектебі «Желтоқсан» оқиғасынан кейін 1987 жылы кешкі мектеп болып ашылған. Бірақ Кеңес дәуірінен оңалып кетпеген. 

«550-ге жуық қазақ баласы 1936 жылы және 1952 екі ескі, тозығы жеткен ғимаратта оқып жатыр. Қазақ елінде қазақ мектебі 20 жылдан бері ғимарат сұрап келеді. Риддерде 16 мектептің біреуі ғана қазақша, үшеуі аралас мектеп. Қазақша мектеп жетіспегендіктен қазақ балаларына дискриминация жасалып, оқуға жағдай жасалмаған. Бірақ соның өзінде қазақ мектебі қаладағы ең үздік мектеп. Қазақстанның 100 мектебі рейтингіне енген», - деді депутат Қазыбек Иса.

Депутаттың айтуынша, бастапқыда қазақша деп салынған мектептер құжатта бұрмаланып, аралас мектеп болып өзгертіліп кеткен. Ұсыныс ретінде, балаларға жаңа ғимараттар беріп, Кеңес империясы енгізген аралас мектептер жүйесін толық тоқтату керек екенін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
2 Пікір
Г
Гүлғасыл 14.06.2023
Өте орынды пікір, қазақ балалары, қазақ мектептері мәртебесі көтерілетін кез келді. аралас мектепте, 40адамның 2 өзге ұлт болса жиналыс орыс тілінде өтеді. үш қазақ бір орыс бірге жүрсе орысша сөйлеп бара жатады. тіл мәртебесін көтеру білі ордаларынан бастау алуы керек қой
Жауап беру
Қ
Қарақат 14.06.2023
Дұрыс, орыс мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін қосып оқиды. Сонда олар әдебиет деген пәнді Абай, Мұхтар, Шәкәрімің кім екенін білмей шығады деген сөз.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл