Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі еліміздің барлық өңірінде енгізілді
Жаңалықтар

Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі еліміздің барлық өңірінде енгізілді

12.12.2023
1 мин
0
776
Фото: caravan.kz

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдар қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізіп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі барлық республикалық маңызы бар қала мен облыс орталықтарында жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерде енгізілген.

Аталған жүйелердің жұмысын жалпы саны 14 оператор қамтамасыз етеді.

Соңғы 3 жылда республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 34 пайыздан 79%-ға дейін ұлғайған.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жолаушылар тасымалына арналған қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін жақсартуға, жолаушылар ағыны туралы нақты статистикалық деректерді қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдаушылардың жосықсыз әрекеттерін азайту есебінен көлеңкелі экономикадан ақшалай қаражатты шығаруға ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық билеттеу жүйесін енгізу арқылы NFC технологиясын қолдайтын банк карталары, банктердің мобильді қосымшалары, SMS-код жіберу, QR-кодты сканерлеу, сондай-ақ көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу мүмкіндігі пайда болды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл