| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірқатар өңірлерде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды облысында Астана – Қарағанды – Алматы бағыты бойынша республикалық маңызы бар тасжолдың Ақмола облысының шекарасынан Теміртауға дейінгі бөлігінде барлық көлік үшін рұқсат етілген жылдамдық 80 км/сағ болып белгіленді.
Ақмола облысында Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы автожолдың Астанадан Щучинск қаласына дейінгі аралығында қозғалыс жылдамдығы 60 км/сағатқа дейін төмендетілді.
Сондай-ақ Астана – Қарағанды – Алматы трассасының Жібек Жолы станциясынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігінде жылдамдық шектеуі енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы қыс мезгілі аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды.
Ал Астана – Павлодар – Ресей шекарасы бағытындағы жолдың Қалқаман маңында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектеліп, көлік ағыны айналма жолдар арқылы бағытталуда.