| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қолайсыз ауа райы жағдайына және Қандыағаш — Ақтөбе учаскесіндегі тасжолдарының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 540 жолаушы жедел түрде тасымалданды.
Жолаушыларды тасымалдау өңірдегі келесі станциялардан ұйымдастырылды:
• Қандыағаш станциясынан — 139 жолаушы* №613 «Маңғыстау — Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• Алға станциясынан — 122 жолаушы:
• 50 жолаушы №613 «Маңғыстау — Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін; • 72 жолаушы №109 «Маңғыстау — Ақтөбе» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
• Ақтөбе станциясынан — 279 жолаушы №110 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызымен Бестамақ, Алға, Тамды, Қандыағаш және Шұбарқұдық станцияларына дейін жеткізілді.
Тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында №110/109 «Ақтөбе — Маңғыстау» пойызының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелді. Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.