455.86
528.84
5.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қонаевта діни экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
Жаңалықтар

Қонаевта діни экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

03.09.2026
мин
0
158

Қонаев қаласы мен оған қарасты аумақтарда діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған кездесулер өтті. Мамандар полиция қызметкерлері, жастар, әскери қызметшілер, саудагерлер және пробация есебіндегі азаматтармен ашық әңгіме жүргізді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу жұмыстары түрлі әлеуметтік топтарды қамтыды. Іс-шараларды Алматы облысы Дін істері басқармасы ұйымдастырды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Елнар Берікбаев бір күн ішінде бірнеше ортада кездесу өткізді. Ол полиция қызметкерлерімен, пробация есебіндегі азаматтармен және олардың туыстарымен сөйлесіп, қоғамдық тұрақтылық пен діни сауаттылық мәселелерін талқылады.

Маманның кездесулері тек мемлекеттік мекемелермен шектелмеген. Ол кітапханадағы шығармашылық орта өкілдерімен, мектеп оқушыларымен, автобекет маңындағы жұмыссыз азаматтармен және базардағы саудагерлермен де әңгімелесті.

Ал психолог Мәншүк Құсайынова әскери қызметшілер мен жастарға бағытталған профилактикалық жұмыс жүргізді. Кездесулерде рухани тұрақтылық, отансүйгіштік және радикалды діни ағымдардың адам психологиясына ықпалы сөз болды.

Сонымен қатар психолог жастар орталығында жастармен кездесіп, жергілікті мешітте діндар әйелдермен әңгімелесті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесулер дәріс форматында ғана өтпей, қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге және ашық пікір алмасуға бағытталған. Тұрғындар өздерін толғандырған діни әрі психологиялық мәселелерін мамандарға тікелей жеткізген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл