Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қосшы қаласының тұрғыны ақшалай қарыздан құтылу үшін қылмыстық айлаға барған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ол енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысының алдындағы қарызын жапқан. Кейін бұл әрекетін жасыру мақсатында үйіндегі заттарды әдейі шашып, полицияға жалған ұрлық туралы хабарлаған.
Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, полиция бөлімінің тергеушісі істі жан-жақты және кәсіби түрде зерттеп, оқиғаның шынайы мән-жайын анықтады.
Тергеу нәтижесінде азаматша Қылмыстық кодекстің 419-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған хабар беру дерегімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура мұндай әрекет үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасықарастырылатынын ескертеді.