| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қосшыда иттерді ату оқиғасы орын алды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұл жағдайдан хабардар екенін және мәселені жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Косшыда иттерді жаппай атып тастады деген жаңалық тарады. Тұрғындардың айтуынша, өлтірілген иттердің арасында үй жануарлары да болған.
Бұл оқиға жөнінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан ОКҚ-дағы есеп беру брифингінде сұралды.
- Косшыда иттердің өлі денелері табылған жағдай болды. Бұл мәселені жеке бақылауыма алдым. Жануарларға қатыгездік көрсету бойынша 316-баппен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады, – деп уәде берді әкім.
Сондай-ақ, аймақ басшысы келесі жылы Астанада иттерге арналған мемлекеттік паналау орны салынатынын айтты.
- Иттер мәселесін кешенді түрде шешу қажет, Астана әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Біз қазір үлкен учаске бөліп жатырмыз – Астана иттерге арналған мемлекеттік паналау орны салатын болады. Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, бізде иттерді ұстауға мүмкіндік жоқ, сондықтан келесі жылы паналау орнының құрылысы басталады, – деп толықтырды Марат Ахметжанов.