Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанай облысында электр энергиясының бағасы өседі
Жаңалықтар

Қостанай облысында электр энергиясының бағасы өседі

11.06.2022
1 мин
0
1547

Қостанайлық тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифі 1 шілдеден бастап 2 теңгеге артуы мүмкін. Қостанай энергоорталығында алдағы өсім туралы мәлім етті.

«ҚостанайЭнергоОрталық» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне электр энергиясының шекті бағасын алдағы уақытта 2,08 теңге/кВтсағ-қа немесе 7,85%-ға арттыру туралы ақпарат берді. Яғни, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚҚС есебімен 26,62 теңгеден 28,71 теңгеге дейін қымбаттайды. 

Кәсіпорындағы шекті бағаның өсуінің негізгі себептері ҚР Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап станциядан электр энергиясын сатып алу құнының 9,2%-ға өсуі болып отыр. 

Сонымен қатар, 2021 жылдың қазан айынан бастап «KEGOC» АҚ қызметтеріне тарифтер 14%-ға, «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауға – 4%-ға көтерілді. 2022 жылғы қаңтардан бастап «ЭПК-forfait» ЖШС, «МРЭТ» ЖШС, «ҚТЖ «ҰК» АҚ, «ССГПО» АҚ, «KEGOC» АҚ тасымалдаушы компанияларының тарифі 4%-дан 13%-ға дейін өсті. «РФЦ» ЖШС-ның электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер тарифі 2,8%-ға артты. 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап «ЭПК-forfait» ЖШС тарифі 4,2%-ға өсті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл