| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында қайғылы жағдай тіркелді. Тобыл өзенінде 2011 жылы туған жасөспірім суға батып, көз жұмды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға Лисаковск қаласындағы Тобыл өзенінің «Скалки» аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, бұл жер жергілікті жасөспірімдер арасында танымал және олар мұнда жиі жартастан суға секіреді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім достарымен бірге суға түскен. Болжам бойынша, ол суда еркін жүзе алмаған.
Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті жасөспірімнің қаза тапқанын растады. Ведомствоның мәліметінше, ол арнайы жабдықталмаған орында шомылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуге және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.