Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанай облысында заңсыз криптовалюта сатумен айналысқандар анықталды
Жаңалықтар

Қостанай облысында заңсыз криптовалюта сатумен айналысқандар анықталды

27.03.2024
1 мин
0
414
Фото: ru.rayhaber.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі іс қозғады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілгенін мәлімдеді.

«Клиенттерді енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасаған, сол арқылы кез келген адам криптовалюта айырбастауына өтініш бере алған.  Аталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин және криптовалюта биржасында шоттың құпия сөзі жазылған құрылғы табылды», - делінген хабарламада.

Күдіктілердің мүлкі мен криптовалюта шотындағы қаражат тәркіленді.

«Кепілсіз цифрлық активтерді сатудан түскен заңсыз кіріс шамамен 1 млн 350 мың АҚШ долларын құрады. Тергеу жалғасуда», - делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл