Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанай облысының тәртіп сақшыларына 115 жаңа қызметтік көлік берілді
Жаңалықтар

Қостанай облысының тәртіп сақшыларына 115 жаңа қызметтік көлік берілді

06.12.2023
1 мин
0
198
Фото: polisia.kz

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов полиция қызметкерлеріне 115 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстады, – деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz сілтеме жасап.

70 жаңа Chevrolet Сobalt, 34 Kia Cerato және 11 JAC Sunray көлігі халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін патрульдік полиция мен жергілікті инспекторларға арналған. Полиция автокөліктерін сатып алу “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ лизингтік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, “Заң және тәртіп” қағидаты қазақстандық қоғамның жолсерігі болуға тиіс. Бүгінгі күні көшедегі әдепсіздіктен бастап төбелеске, ұрлық пен кісі өлтіруге дейінгі құқық бұзушылықтың барлық түріне ымырасыз көзқарас қажет.

"Жалпы, өңірдегі тұрақты жағдай жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралардың арқасында қол жеткізілді. Биыл облыстық бюджеттен департаменттің материалдық-техникалық жабдықталуын қаржыландыруға 875,5 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа автопарк жаңартылып, ұйымдастыру техникасы мен жаңа үлгідегі нысанды киім сатып алынды. “Цифрлық полицей” жобасы аясында облыстың патрульдік полицейлері смарт-телефон негізінде жаңа бейнетіркегіштермен жабдықталған", – деді Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Жаңа автокөлік облыс орталығында да, қала сыртындағы трассаларда да патрульдеуді жүзеге асыру үшін барлық құрылғылармен жабдықталған.

"Орта есеппен күн сайын өңір бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауға 122 автокөлік патрулі мен полицияның кешенді күштерінің 172 жаяу наряды қатысады. Осы көліктердің арқасында біз нарядтардың санын арттыра аламыз", – деп атап өтті ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Мақсұт Ералиев.

Патрульдік полиция ротасы қызметінің аға инспекторы Нұрлан Байтасовтың сөзінше, барлық заманауи талапқа жауап беретін автокөлікпен қамтамасыз ету қылмыс пен оқиғалар туралы келіп түскен хабарларға дереу ден қоюға мүмкіндік береді.

Қостанай облысы полиция департаментінің тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайын.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл