| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                ҚР Қаржы мониторингі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цехтың қызметін анықтап, жолын кесті. Бұл жөнінде ҚазАқпарат жазды.
Агентіктің баспаөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т. б. анықталып, тәркіленді.
«Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.