Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанайда бопсалаумен айналысқан 22 жастағы күдікті ұсталды
Жаңалықтар

Қостанайда бопсалаумен айналысқан 22 жастағы күдікті ұсталды

30.07.2025
мин
0
174

Қостанайда бопсалаумен айналысқан 22 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін жасалған бірнеше қылмыстық оқиғаны тергеп жатыр. Қостанай облысы ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі таңда күдіктіге тұрғылықты жерден шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр: полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын тексеруде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл