| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай қаласында ер адам бұрынғы жұбайын мылтықпен атып өлтірді. Күдікті оқиғадан кейін полицияға өз еркімен берілген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға Қостанай қаласында болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам бұрынғы әйеліне оқ атып, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті құқық қорғау органдарына өз еркімен келіп, жасаған қылмысын мойындаған. Белгілі болғандай, ол Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының Қостанай облыстық филиалында қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істеген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.