474.63
544.5
5.92
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанайда өңіраралық бағытта есірткі тасымалдаған курьер ұсталды
Жаңалықтар

Қостанайда өңіраралық бағытта есірткі тасымалдаған курьер ұсталды

30.07.2026
мин
0
132

Ішкі істер министрлігі ел аумағында есірткі заттарын байланыссыз тәсілмен өткізумен айналысатын интернет-дүкендердің заңсыз қызметін анықтау және жолын кесуге бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қостанай қаласында өңіраралық бағытта әрекет еткен интернет-есірткі дүкенінің 25 жастағы курьері ұсталды. Ол ел өңірлері арасында ірі көлемдегі есірткі партияларын тасымалдап, оларды кейіннен жасырып таратуға жеткізіп отырған.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында есірткі заттары вакуумдық қаптамаларға салынып, құрғақ сүт қаптамаларының ішіне мұқият жасырылған. Бұл тәсіл оларды тасымалдау кезінде күдік туғызбауға және анықтауды қиындатуға бағытталған.

Күдіктіні ұстау барысында заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде меткатинон психотроптық заты мен кептірілген марихуана болған. Сараптамалық есеп бойынша тәркіленген есірткі көлемі 10 мыңнан астам бір реттік дозаға тең, осылайша олардың ықтимал тұтынушыларға жетуіне жол берілмеді.

https://www.youtube.com/watch?v=fJUeiPhqtAw

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды, есірткі жеткізу арналары мен интернет-есірткі дүкенінің жұмысына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі интернет-есірткі дүкендерінің қызметіне кез келген деңгейде қатысу — ұйымдастырушы, оператор, "жасырын орынға қалдырушы" немесе курьер болсын — ауыр қылмыс екенін және заңнамаға сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту, сондай-ақ интернет арқылы әрекет ететін есірткі бизнесінің инфрақұрылымын жою жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл