| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанайда полиция мен банк қызметкерлері зейнеткердің 2,5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
2 шілдеде "Hi-Tech" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында банк қызметкерлері Қостанай қаласы полиция басқармасына ірі көлемдегі ақшаны шетелдік шотқа аудармақ болған клиент туралы хабарлаған. Оқиға орнына киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері барып, әйелдің алаяқтардың нұсқауымен әрекет етіп жатқанын анықтады.
Алаяқтардың айтуымен ол депозитінен 2,5 млн теңге шешіп алып, оны АҚШ долларына айырбастаған және ақшаны Түркиядағы банк шотына аудармақ болған. Қаскөйлер оған WhatsApp арқылы хабарласып, өздерін бұрынғы басшысы ретінде таныстырып, алдап, ақшаны аударуға көндірген.
Банк қызметкерлерінің қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында ақша аударымының дер кезінде жолы кесіліп, зейнеткердің қаражаты сақталып қалды.