467.98
533.87
6.11
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҚТЖ төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Жаңалықтар

ҚТЖ төрағасы Талғат Алдыбергеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

08.07.2026
мин
0
88
Сурет: TengiNews

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен кетті. Оның өкілеттігі акционердің шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Бұл туралы компанияның ресми хабарламасында айтылды.

Ресми мәліметке сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Әзірге ұлттық теміржол компаниясының жаңа басшысы кім болатыны жарияланған жоқ.

Талғат Алдыбергенов бұл қызметке 2025 жылдың шілде айында тағайындалған болатын. Еңбек жолын 1992 жылы теміржол саласында бастап, әр жылдары Батыс Қазақстан темір жолында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Кейін «Қазтеміртранс», «Кедентранссервис» және басқа да ірі логистикалық компанияларда жетекшілік қызметтерде еңбек етті.

2008–2019 жылдары «Кедентранссервис» АҚ-ның президенті, «АвтоГазАлматы» директорлар кеңесінің төрағасы және «Kazakhmys Maker» компаниясының басқарма төрағасы болды. Ал 2024 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Айта кетейік, биыл маусым айында журналистердің сұрағына жауап берген Талғат Алдыбергенов өзінің жеке бизнесі бар екенін растаған еді. Оның қызметтен босатылуының нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл