Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құлсары қаласын басқан тасқын судан 9 рет сынама алынған
Жаңалықтар

Құлсары қаласын басқан тасқын судан 9 рет сынама алынған

17.04.2024
1 мин
0
985
Фото: Жылыой аудандық СЭБ басқармасы

Атырау облысындағы Құлсары қаласын басқан тасқын судан 9 рет сынама алынған.

Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллиннің айтуынша, уақытша эвакуациялау пункттерінен және су беру көздерінен күн сайын сынама алынып отыр. 

«Осы кезге дейін тамақ өнімдерінен 133 сынама алынды. Құлсары қаласындағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 118 сынама алынып, талдауға тапсырылды. Судың түсіне байланысты 4 сәйкессіздік анықталды», - деді ол. 

Оның айтуына қарағанда, судан микробиологиялық зерттеу үшін алынған 122 сынамадан сәйкессіздік анықталған жоқ. 

«Жылыой ауданының аумағындағы тасқын судан 9 сынама алынған еді. Талдаудың қорытындысымен Энтеровирус, ВГА, Ротавирус теріс нәтижесін көрсетті. Қазір 7 сынаманы талдау жалғасып жатыр», - деп хабарлады Талғат Хабибуллин.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл