458.48
534.68
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құрылтайдағы 145 мандат қалай бөлінеді — сарапшы есебі
Жаңалықтар

Құрылтайдағы 145 мандат қалай бөлінеді — сарапшы есебі

25.08.2026
мин
0
137
Сурет: BAQ.kz

Құрылтай сайлауындағы алдын ала нәтиже саяси күштердің арақатынасын айқын көрсетіп отыр. Саясаттанушының заңдағы мандат бөлу тәртібіне жасаған есебі бойынша, 145 орынның 110-ы бір партияға тиесілі болуы мүмкін, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланғаннан кейін енді партиялардың дауыс санынан бөлек, сол нәтижелердің мандатқа қалай айналатыны талқылана бастады.

Себебі сайлаудағы дауыс пен Құрылтайдағы орын саны бірдей көрсеткіш емес. Мандаттар заңда белгіленген арнайы тәртіппен бөлінеді.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішов алдын ала нәтижелерді «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1-бабындағы талаптарға сәйкес есептеп көрген.

Оның есебіне сәйкес, 5 пайыздық межеден өткен бес партияның жалпы дауысы 8 560 341-ді құрайды. Ал Құрылтайда барлығы 145 мандат бар.

Осы көрсеткіштер негізінде бір мандатқа шаққандағы квота шамамен 59 мың дауыс болады.

Алғашқы есеп бойынша «Әділет» партиясы 110 мандатқа ие болуы мүмкін. Қалған орындар «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП арасында бөлінеді.

Алайда есептің ең қызық тұсы — алғашқы бөліністен кейін үш мандаттың бос қалуы.

Заңға сәйкес, мұндай жағдайда қосымша орындар партиялардың бөлшек қалдықтарына қарай үлестіріледі. Бұл жерде ЖСДП, «Ауыл» және Respublica алға шығады.

Сөйтіп, алдын ала есеп мынадай көрініс береді:

«Әділет» — 110 мандат
«Ауыл» — 10 мандат
Respublica — 9 мандат
«Ақ жол» — 8 мандат
ЖСДП — 8 мандат

Яғни бес партияға барлығы 145 орын бөлінеді.

Бұл есептегі ең үлкен айырмашылық — «Әділеттің» ықтимал 110 мандаты. Егер түпкілікті нәтиже осы есепке жақын болса, партия Құрылтайдағы басым күшке айналуы мүмкін.

Ал қалған төрт партияның жиынтық мандаты 35 орын шамасында болады.

Дегенмен әзірге бұл сандарды түпкілікті нәтиже ретінде қабылдауға болмайды. Өйткені Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми қорытындысын әлі жариялаған жоқ.

Сондықтан алдағы кезеңдегі басты мәселе — кімнің қанша дауыс жинағаны емес, сол дауыстардың Құрылтайдағы нақты саяси салмағы қандай болатыны маңызды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл