Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қымызбен емдеу, өкпе қабынуынан кейінгі оңалту: Қазақстандық шипажайлар ұсынатын емшаралардың түрлері
Маман пікірі

Қымызбен емдеу, өкпе қабынуынан кейінгі оңалту: Қазақстандық шипажайлар ұсынатын емшаралардың түрлері

31.07.2023
1 мин
0
1027

Біздің елімізде шипажай түрлері жетерлік. Қымызбен емдеу, өкпе қабынуынан кейінгі оңалту: Қазақстандық шипажайлар ұсынатын емшаралардың түрлеріБірақ көбі оның шын рахатын түсіне бермейтін сияқты. Жалпы емдеу-сауықтыру кешендері не үшін керек? Dauletten.kz шипажайдағы ем түрлерін анықтады.

Ағзадағы асқынулар мен қабынуларды, ауруларды алдын алу, иммунитетіңізді күшейту, табиғи емдермен (минералды су, емдік балшық, климат), физиотерапия, дұрыс тамақтану, емдік дене шынықтырумен ағзаға шипа болу әрі оңалту үшін шипажайлар керек.

Бүгін біз Президент Іс басқармасына қарасты еліміздің екі бірегей шипажайына шолу жасағымыз келеді. Бірі, Бурабайда орналасқан «Оқжетпес» шипажайы, екіншісі, Алматы қаласындағы «Almaty resort».

Екі шипажай да медициналық емшаралармен қатар дәстүрлі емді де пайдаланады. Мәселен, қымызбен емдеу.

Одан бөлек, екі санаторийдің де медициналық блогы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мәселен, мұнда ағзадағы әртүрлі патологиялардың даму қаупін анықтау үшін «Медсканер БИОРС» аппараты қолданылады. Бұл құрылғыдағы Velness (денсаулық) бағдарламалық кешенінің көмегімен 10 түрлі диагностикадан өтуге болады. Санаторий дәрігерлері пациенттің диагнозына сәйкес, емдеу жоспарын әзірлейді. Бұл жерде кардиологтар, терапевттер, невропатологтар, эндокринолог, диетолог, физиотерапевт, уролог, офтальмолог, стоматолог сияқты медицина мамандары жұмыс істейді.

Шипажайлар жетілдірілген емдік-сауықтыру бағдарламасын ұсынады. Олар:

1. «Аnti Age» емдік бағдарламасы

2. «Тонус» сауықтыру бағдарламасы

3. «Жан мен тән тазалығы» бағдарламасы

«Аnti Age» емдік бағдарламасы - ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Терінің тығыздығы мен иілгіштігін, иммунитетті қалпына келтіреді. Шаршауды басады. Жалпы алғанда ағзаның жасаруына оң әсерін тигізеді.

«Тонус» арнайы сауықтыру бағдарламасы - шаршаған денені, бұзылған ұйқыны, тозған жүйкені, әлсіреген күшті қалпына келтіруге көмектеседі.

«Жан мен тән тазалығы» бағдарламасы - жаңадан күш-қуат жинауға көмектеседі.

Одан бөлек, ЕСК 50 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді. EuropeSpa бірегей сертификаттаудан өтіп, әлем курорттарының үздіктер тізіміне енген «Оқжетпес»шипажайы  Covid-19, өкпе қабынуы (пневмония) ауруларынан жақында айыққан емделушілер үшін де оңалту бағдарламасын ұсынады.

 

«Жақында ғана вируспен күресте болған ағза үшін оңалту бағдарламасын өту маңызды. Иммунитетті көтеріп, ағза қорғанысын қалпына келтіру үшін таза ауа, минералды емдік су, ингаляция, емдік гимнастика, тұзды шахта, фитотерапия және арнайы мәзір керек. Әрине, оның бәрін үй жағдайында жасау қиын. Сондықтан, ең дұрыс шешім — кәсіби мамандардың бақылауында болу. Біздің орталықта оңалту процедураларынан бөлек, С витаминіне бай қымызбен емдеу және жүрек, тамыр аурулары, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі сынды  аурулардың алдын алу және емдеу әдісі ретінде скандинавиялық серуендеуді қолданамыз» – дейді шипажай директорының емдеу-оңалту ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаева.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл