| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мемлекеттік шекара жөнінде келісімге қол қойды. Екі тарап даулы аумақтарға қатысты ортақ шешімге келген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгіннен бастап "Кайрагач" пен "Кызыл-Бел" бақылау-өткізу бекеттері қайта ашылды. Жалпы, екі ел арасында осындай бес өткізу пункті бар.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара ұзындығы — 1006,84 шақырым.
Қырғызстан 2021 жылдың мамырында шекараны жапқан болатын. Бұл шешім екі ел арасында қарулы қақтығыс болғаннан кейін қабылданды.