Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қырғызстанда біржынысты некеге тыйым салынады
Жаңалықтар

Қырғызстанда біржынысты некеге тыйым салынады

11.03.2024
1 мин
0
462
Фото: Wikipedia

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі бір жынысты некеге тыйым салатын отбасы кодексінің жаңа редакциясын әзірледі. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. 

«Жаңа жобада неке жасын бір жылға төмендету нормасы алынып тасталды, некеге 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Түзетулерге сәйкес, неке тек ер мен әйел арасында ғана жасалуы мүмкін. Бұл ретте неке қиюды мемлекеттік тіркеусіз діни неке қиюға тыйым салынады. Осы норманы бұзғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік көзделген», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, жазасын өтеп жатқан сотталғандар, жетінші ұрпақты қоса алғанда тікелей туыстары, аға-інілері, апа-сіңлілері, оның ішінде ортақ әкесі немесе шешесі, сондай-ақ асырап алушысы мен асырап алған баласы, қорғаншысы бар адамдардың некеге тұруына жол берілмейді.

«Балаларды отбасына орналастыру, қорғаншы (қамқоршы) тағайындау және балаларды Қырғыз Республикасының азаматтарына асырап алуға беру функциялары жергілікті мемлекеттік басқаруға беріледі. Балаларға алимент төлеу жөніндегі міндеттер туралы баптар оңтайландырылды, ата-ананың баланы күту мен тәрбиелеудегі жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекеттік қорғауды қажет ететін балаларды есепке алу автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылатын болады», - деп жазылған құжатта. 

Құжаттың жаңа редакциясындағы міндеттер — отбасы институтын дамыту, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау, қоғамдағы отбасы рөлін арттыру.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл