Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қысқы дөңгелекке ауыспаған: Қарағанды облысындағы трассада 30-ға жуық жүргізуші тоқтатылды
Жаңалықтар

Қысқы дөңгелекке ауыспаған: Қарағанды облысындағы трассада 30-ға жуық жүргізуші тоқтатылды

05.11.2025
мин
0
131

Қарағанды облысында патрульдік полиция ауа райының күрт өзгеруіне байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ауа температурасының төмендеп, жаңбыр мен қардың аралас түсуіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне көшірілді.

Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда полиция жасақтарының саны көбейтілді. Қызметкерлер көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы тәртіп пен сақтық шараларын қатаң бақылауда ұстап отыр.

Республикалық маңызы бар автожолдарға 26 автопатруль мен 55 полиция қызметкері жұмылдырылды. Әсіресе Қарағанды — Астана бағытындағы трассада полиция қызметкерлері бақылауды күшейтіп, қысқы көлік дөңгелектеріне ауыстырылуын қадағалауда.

Патрульдік полиция қызметкерлері жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерді тоқтатып, олардың қала сыртына шығуына шектеу қоюда. Мәселен, Теміртау — Астана бағытында жүргізілген шаралар барысында 30-ға жуық жүргізуші кері қайтарылған.

– Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында бүгін жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерді алыс жолға жібермей, мәжбүрлі түрде кері қайтарып жатырмыз. Бұл ең алдымен жүргізушілер мен олардың жолаушыларының өмірін қорғауға бағытталған шара. Кеше облыс аумағында жауын жауса, бүгін сынап бағанасы –14 градусты көрсетіп тұр. Кейбір учаскелерде көктайғақ байқалады. Сондықтан барлық жүргізуші мен жолаушылар қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарайды деп сенемін, – деді облыстық полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Айта кетейік, бүгін облыс орталығында жүргізушілердің жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтамауы, сондай-ақ жазғы дөңгелекпен жүру салдарынан 50-ге жуық ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Полиция жүргізушілерден ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы ережелерін және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл