| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін – қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы күні. Дүбірлі дода Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін tk құрамасынан алты спортшы үш түрлі бағдарлама бойынша сынға түседі.
Алдымен сағат 14:00-де ерлер арасындағы тау шаңғысы слаломында Ростислав Хохлов өнер көрсетеді.
Сағат 15:00-де шорт-трек бәсекелері басталады: 500 метр қашықтықта Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев жарыс жолына шығады, ал 1000 метрде әйелдер арасында Ольга Тихонова ел намысын қорғайды.
Кешкі 23:00-де шаңғымен тұғырдан секіруден командалық жарыста Илья Мизерных пен Данил Васильев бақ сынайды.
Осылайша, бүгінгі күн қазақстандық спортшылар үшін маңызды сын болмақ.