Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытайда жаңа вирус өршуде
Жаңалықтар

Қытайда жаңа вирус өршуде

24.11.2023
1 мин
1
1840
Фото: gettyimages

Жақында британдық The Telegraph газеті қытай ауруханалары бірнеше апта бойы пневмонияның жаңа жұмбақ түрімен ауырған науқастарға лық толы екенін хабарлаған. Авторлар өз материалдарында бүкіл әлем бойынша адамдар мен жануарлардың сырқатының өршуін бақылайтын ProMed платформасының деректеріне сілтеме жасады.

Сонымен бірге қытайлық БАҚ-та елдегі ауруханалар дәрігер қабылдауын күткен ата-аналар мен балаларға толы екені туралы хабарламалар пайда болды.

Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы балалар арасында аурудың өршуін жоққа шығармаған. Бірақ олардың айтуынша, мұндай көрініс антиковидтік шектеулердің жойылуына және белгілі тұмау вирустарының айналымына байланысты қалыптасуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай билігінен балалар арасында пневмонияның өршуі әдеттегі маусымдық аурулармен байланысты екенін дәлелдеу мақсатында қосымша эпидемиологиялық және клиникалық ақпарат пен зертханалық зерттеулердің нәтижелерін сұрады. Айта кетейік, Қытайда микоплазмалық пневмонияның өршуі бес-жеті жылда бір болып тұрады.

 

1 Пікір
А
Ааа 24.11.2023
Границу закройте блин
Жауап беру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл