Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қытайдағы халықаралық көрмеде қазақ туризмі таныстырылды
Жаңалықтар

Қытайдағы халықаралық көрмеде қазақ туризмі таныстырылды

19.11.2023
1 мин
0
458
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан COTTM (China outbound Travel&Tourism) халықаралық көрмесіне отандық делегация қатысып, шетелдіктерге Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныстырды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жалпы көлемі 96 ш.м. құрайтын қазақстандық стендті Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism» ҰК», Алматы қаласы мен Алматы облысының туризм басқармалары ұйымдастырды.

«Kazakh Tourism» және Алматы қаласы және Алматы облысының біріккен стенді қытайлық туркомпаниялардың ерекше ықыласына ие болды. Өзара визасыз режимнің енгізілуіне және 2024 жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына орай біз екі елдің туристік нарығы тарапынан белсенділік артқанын байқап отырмыз», - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Қазақстанның ұлттық стенді бай мәдени бағдарламасының нәтижесінде көрмеге келушілер арасында кеңінен танылған. Қазақ батырларының бейнесі, домбыра мен қобызда орындалған ұлттық күйлер туристердің көңілін өзіне аударған. Сондай-ақ, стендке келушілер ұлттық тағамдардан дәм татқан. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлемдік пандемиядан кейін Қазақстанға саяхаттайтын Қытай туристерінің ағыны қалпына келе бастаған. Мәселен, өткен жылы Қазақстанның қонақ үйлеріне 45 мыңға жуық қытайлық турист тоқтаған болса, биыл олардың саны саны екі есеге өсіп, eQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес 10 айдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарында 84 мыңнан астам турист тіркелген.

Делегация құрамына Қазақстанның туристік индустриясының 25 өкілі, атап айтқанда 18 туроператор, 5 қонақ үй, 1 сауда орталығы және Global blue Tax free енді.

Еске салай кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара визасыз режим биылғы 10 қарашада күшіне енді. Сонымен қатар 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Соның шеңберінде туризм және спорт министрлігі қытайлық туристерді Қазақстанға тарту үшін іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.

Қытайдағы халықаралық туристік көрме – шығу туризмі мен шетелде демалуға бағытталған. Көрмеге жыл сайын ҚХР-дан 5000 туризм мамандары қатысады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл