Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылорда облысына су жеткізу жобасы қарқын алды
Жаңалықтар

Қызылорда облысына су жеткізу жобасы қарқын алды

03.11.2025
мин
0
97
Сурет: su_resurstari_ministrligi парақшасынан

Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту үшін Көксарай су реттегішінде ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы су реттегіштің арнасынан шамамен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тасты шығарып, нысанның өткізу қабілетін арттыруға кіріскен. Жұмыс барысымен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов арнайы барып танысты.

Мақсат – Қызылорда өңіріне суды тұрақты әрі тиімді жеткізу. Бұл үшін тазалауға 28 арнайы техника жұмылдырылған, оның бір бөлігі Қызылорда облысынан тартылған. Жоспар бойынша жұмыстар желтоқсан айының ортасына дейін аяқталуы тиіс.

Бұған қоса, реттегіштің жоғарғы жағында ұзындығы 2,5 шақырым болатын аумаққа геомембрана төсеу арқылы судың сүзілуді азайту ісі жүріп жатыр. Бұл тәсіл қосымша 200 миллион текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік береді.

- Қосымша жұмыстарды орындауға уақыт жеткілікті. Қазір ауа райы қолайлы, сондықтан қосымша бір-екі учаскеде геомембрана төсеуге болады. Министрлік филиалға қажетті техниканы бөлді, барлық материал жеткілікті. Көксарай су реттегішінің кешенді реконструкциясы басталғанға дейін оның жұмыс тиімділігін барынша арттыру қажет, – деді министр Нұржан Нұржігітов.

Болашақта су реттегіштің ұзақ мерзімді тиімділігін сақтау үшін ұзындығы 36 шақырымнан асатын бөгет бөлігіне 60 мыңнан астам геошпунт орнату жобасы дайындалуда. Бұл жоба іске асса, су қоймасы 3 миллиард текше метрге дейін су жинауға қауқарлы болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл