Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматтың бас бостандығы шектелді. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хаюарлайды Dauletten.kz.
Сырдария аудандық прокуратурасының мәліметінше, "Т" есімді борышкердің алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, 9 жыл бойы өз міндеттерін орындамағаны анықталған. Оның қарызы 2016 жылдан бері жиналып, 8 173 713 теңгеге жеткен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы ("Алимент төлеуден қасақана жалтару") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
2025 жылғы 26 мамырда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматты кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.