Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді
Жаңалықтар

Қызылордада 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді

19.01.2026
мин
0
174
Сурет: Ақорда

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды. Жиында елдің дамуы мен әлеуметтік, экономикалық мәселелер талқылануда, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қызылорда шаһарында Ұлттық құрылтайдың V отырысы ұйымдастырылуда. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Қазақстанның болашақ дамуы мен қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салады.

Бүгіннен бастап секциялық отырыстар да басталды. Алғашқы күннің күн тәртібінде төрт секция қарастырылған: таңғы бөлімде «Әлеуметтік-мәдени даму» және «Білім және ғылым», ал түстен кейін «Азаматтық қоғам» және «Экономикалық даму» тақырыптары бойынша пікір алмасу өтеді. Бұл секциялар елдің рухани дамуы, білім беру жүйесі, азаматтық бастамалар және экономиканы дамыту мәселелерін талқылауға арналған.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары әр жылдары еліміздің маңызды қалаларында өткен: 2022 жылы – тарихи Ұлытауда, 2023 жылы – мәдени Түркістанда, 2024 жылы – экономикалық дамуы жоғары Атырауда, ал 2025 жылы – табиғаты көркем Бурабайда ұйымдастырылған. Қызылордадағы жиын да осы дәстүрді жалғастырып, Сыр бойының стратегиялық және мәдени маңызы бар қаласында өтуде.

Бұл шара елдің стратегиялық дамуын талқылауға арналған маңызды алаң саналады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл