Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада қылмыстық топ мүшелері әшкереленді
Жаңалықтар

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері әшкереленді

16.03.2023
3 мин
0
659

Қызылорда қаласында ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті криминогендік жағдайға ықпал еткен қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Dauletten.kz.

Қылмыскерлердің ізін кесу үшін жүргізілген арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілген.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктілер қоғамдық орындарда бірнеше мәрте заң бұзушылық жасаған. Олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен. Арнайы операция барысында қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталған.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде суық қаруды қолданған бірнеше бейнероликтерді жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткендерін көрсеткені айтылған. Арнайы операция барысында 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі таңда соталды тергеу жұмыстары жалғасуда.

Фото: baq.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл