Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада шегіртке қаптап, жедел штаб құрылды
Жаңалықтар

Қызылордада шегіртке қаптап, жедел штаб құрылды

26.05.2025
1 мин
0
311
Сурет: видеодан скрин

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді. Әлеуметтік желілерде егістік алқаптарда жаппай жүрген шегірткелер түсірілген бейнежазбалар тарады. Ауыл шаруашылығы министрлігі ахуалға байланысты жедел әрекет етіп, тиісті шараларды қолға алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің мәліметінше, Қызылорда облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы 60 мың гектар жер өңделеді. Бұл жұмыстарды арнайы мердігер мекемелер атқарады.

Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін жедел штаб құрылып, 279 маман жұмылдырылды. Мониторинг пен үйлестіру шаралары жүргізілуде.

Арал ауданының бірнеше ауылында залалсыздандыру жүргізілді:

Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінде шегірткеге қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Жұмысқа:

• 2 жеңіл авиация кемесі

• 2 аса жеңіл ұшақ

• 12 жерүсті техникасы

• 5 дрон

• 45 арқаға асылатын бүріккіш жұмылдырылды.

Мониторингке 48 маман тартылған.

Жалпы залалданған аумақ — 878,3 мың гектар

Ел бойынша ауыл шаруашылығы алқаптары зерттеліп, 878,3 мың гектар жерде шегірткелердің бар екені анықталды. Оның ішінде 528,4 мың гектар жер өңделуі тиіс болса, бүгінде соның 486,3 мың гектарында тиісті шаралар атқарылған.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткемен күрес жұмыстарын тәулік бойы, ауа райына немесе техникалық қиындықтарға қарамастан жалғастыруды тапсырды. Жұмыстың сапасы мен уақыты күн сайын бақылауда болады. Қажет болған жағдайда қайта өңдеу де қарастырылады.

Айта кетейік, әзірге егіннің зақымдану деректері тіркелген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл