Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылшаға қарсы екпені кімдерге алуға болмайды?
Жаңалықтар

Қызылшаға қарсы екпені кімдерге алуға болмайды?

10.01.2024
1 мин
5
2921
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда 2023 жылы қызылшаның 30 мыңға жуық жағдайы анықталды. Бұл ауруға қарсы екпе ретінде отандық дәрігерлер Үндістан өндіретін Serum вакциналарын ғана қолданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді.

Елімізде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді. Оның 79%-ы балалар арасында, деді ол.

«Жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 4%, ересектер арасында 17% құрады. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1900 астам жағдайы тіркелді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен сараптамалық дөңгелек үстелде.

Ресми мәлімет бойынша қызылша ауруымен ауырған жүкті әйелдер саны 54. Баспасөз отырысында республика бойынша 8 жүкті әйел қазір стационарда екені мен екпені кімдерге алуға болмайтыны айтылды. 

«Екпе алған адамның қызылшамен ауыруы мүмкін. Бірақ ол тек 2,5-4% ғана кездеседі. Оның өзінде асқыну болмайды, сырқат жеңіл өтеді. Қазақстанда 30 жасқа дейінгі азаматтар екпе ала алады. Медициналық көрсеткіштер бойынша онкогематологиямен ауыратындарға, иммунодефициті барлар мен жүкті әйелдерге және канамецин, неомецин деген дәрілерге аллергиясы бар адамдарға екпе алуға болмайды», - деді медицина ғылымдарының докторы Динагүл Аяпбекқызы.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
М
Мухайё 10.01.2024
2 жасқа толмаған жүрегіне ота болған бала қызылшамен аурып жазылғаннан кейін екпе қанша айдан соң салдыру керек или салдырмау керекпа сосын Аллергия бар кейбір уколдарға
Жауап беру
К
Катя 11.01.2024
Қызылшамен бір рет ауырған адам екінші рет қайталап ауырмайды. Екпені ауырмай тұрып алады, ауырғаннан кейін екпенің қажеті жоқ.
Жауап беру
А
Айгерим Сатылганова 10.01.2024
Ал баллары сол екпеден зардап шексеші?
Жауап беру
А
Айгерим Сатылганова 10.01.2024
Ал баллары сол екпеден зардап шексеші?
Жауап беру
А
Айгерим Сатылганова 10.01.2024
Ал баллары сол екпеден зардап шексеші?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл