Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Рамазан айы жақындап қалды: наиб мүфти ораза қай кезде бұзылатынын айтты
Жаңалықтар

Рамазан айы жақындап қалды: наиб мүфти ораза қай кезде бұзылатынын айтты

28.03.2022
1 мин
31
6603

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларды атады.

Наиб мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халық тарапынан жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Соның бірі оразаны бұзатын және бұзбайтын нәрселерге қатысты.

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

  • Ауыз бекіткенін ұмытып кетіп, ішіп-жеу. Ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;
  • құлаққа су кіру;
  • топырақ, шаң, ұн тозаңы, қардың ұшқыны, жауын тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
  • қан алдыру немесе сүлік салдыру;
  • көзге, құлаққа дәрі тамызу;
  • мисуак немесе тіс пастасын қолдану, бірақ тіс жуғанда, паста ішке өтіп кетпеуі керек.
  • Ең абзалы, тісті таң намазының уақыты кіргенге дейін тазалау;
  • тіс жұлдыру, бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы сұйықтықтықты – дәрі немесе қанды жұтып қоймау керек;
  • ауыз бен мұрынға су алып шайқау, алайда тамаққа өтіп кетпеуге тиіс;
  • душқа түсіп, жуыну;
  • рамазан айында вакцина салдыру да оразаны бұзбайды.

Оразаны бұзатын жағдайлар

  • Әдейі жеп-ішу;
  • ауызындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту;
  • темекі шегу, насыбай ату;
  • дәрі ішу;
  • құрамында нәрлі заттары бар ине (укол) қабылдау;
  • қоректік немесе қоректік қасиеті бар заттарды себепсіз әдейі жеу.

Ершат қажы Оңғардың айтуынша, оразасы бұзылған адам кафарат оразасын ұстауға тиіс.

"Кафарат оразасы деп үздіксіз екі ай ораза ұстауды айтады. Оған шамасы келмейтін жандар 60 кедей адамды тамақтандырып, тойдыруға міндетті. Бұл жағдай ораза екенін біле тұра әдейі бұзған адамдарға қатысты", - деп түсіндірді наиб мүфти.

Айта кетері, шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді.

Биыл рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
31 Пікір
А
Айжан 07.04.2022
Салематсыздарма ма ораза кезінде вакцина салдыруға болады деген. Бірақ ешқандай нәрсе ішке қабылданбайды.
Жауап беру
А
Айнур 03.04.2022
Тукирикти жутуга болама
Жауап беру
А
Айда 02.04.2022
Салеметсізбе танысқан жігітіңмен кездесуге болама ауыз ашқасын
Жауап беру
М
Мира 02.04.2022
Ауыз ашкан кезде дары ышуге болама?
Жауап беру
Д
Динара 04.04.2022
Ия болады
Жауап беру
Ф
Фариза 02.04.2022
Ауыздағы түкірікті мүлдем жұтуға болмайма??
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 31.03.2022
Сәлем бердім,мырза бізде отағасы ораза ұстайды,Ауызашар беру міндеттіме?сосын үйіміз бір бөлмелі кешке кафеге апарып ауызашар берсек болама?
Жауап беру
Ш
Шолпан 29.03.2022
Ауыз бекітпестен бұрын дәрі ішуге болама
Жауап беру
Ж
Жарқын 28.03.2022
Ұйқыдан тұрғанда тісім арасынан қан шығады,соңы байқамай ұйықтап жатқанда жұтып қойсам , ораза бұзыла ма?
Жауап беру
Ж
Жанар 28.03.2022
Ораза устап жургенде айел киси ай корсе оразасы карыз болама?
Жауап беру
М
Мухтархан 28.03.2022
Ия
Жауап беру
Г
Газиза 28.03.2022
Саламатсыз ба? Қызық екен айдын қатысы не оразаға?
Жауап беру
29.03.2022
Аспандагы ай емес ......айел затынын таьигаттык өзгерисі
Жауап беру
28.03.2022
Оразасы қарыз дегенді қалай түсінеміз?
Жауап беру
30.03.2022
Ораза айы біткесін, қаза болған күннің оразасын ұстайды. Яғни бұзылған оразаны ұстау керек ораза айы біткесін.
Жауап беру
Г
Гуляйым 28.03.2022
Ораза ұстауға ниеттенген барша мұсылман қауым ниеттеріңіз қабыл болсын.
Жауап беру
29.03.2022
Әмин
Жауап беру
28.03.2022
Әмин
Жауап беру
Э
Эльвира 28.03.2022
Сәлеметсіздер ме? Емізулі ана ораза ұстаса болама?
Жауап беру
М
Мухтархан 28.03.2022
Болады
Жауап беру
Е
Ерке 28.03.2022
боянуга болама? жане духи себуге?
Жауап беру
28.03.2022
Арине боладыгой
Жауап беру
Р
Рая 28.03.2022
Тырнак,кирпик жапсыру руксатпа
Жауап беру
С
Смагулова Махабат 28.03.2022
Болмайды тырнақ жасауға ғұсыл өтпеиді
Жауап беру
Х
Хасан 28.03.2022
Жоқ Шариғат бойынша рұқсат жоқ себебі дәрет өтпейді
Жауап беру
А
Ару 28.03.2022
Кестесі барма ораза уақытының?
Жауап беру
Б
Баги 28.03.2022
Ауыз ашқаннан кеиін темекі тартуға болама екен?
Жауап беру
Х
Хасан 28.03.2022
Болмайды конечно күні бойы таудай сауап жинайсызда кешке соның бәрін бірақ түтінмен ұшырып жібереміз бе и вообще шариғатта темекіге рұқсат жоқ харам нарсе
Жауап беру
Т
Толкын 28.03.2022
Салеметсизбе. Ауыз ашканан кейін класстар жиын отырыста шакырса баруға болама? Онда барғанда бир биримизден бетимизден суйип амандасамыз. Ол харам емеспа
Жауап беру
Б
Баршагул 28.03.2022
Жок
Жауап беру
Н
Нуржамал 28.03.2022
Мұрын бітсе дәрі тамызу оразаны бұзама
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл