| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Dauletten» қайырымдылық қоры қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Рамазан себеті» акциясын бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Республикалық акция аясында еліміздің әр өңіріндегі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріледі. Биыл қор тарапынан жалпы саны 500 отбасыға арналған себет дайындалды. Әр себетке ең қажетті азық-түлік түрлері жинақталған.
Игі шара ең алдымен елордамызда бастау алды. Мұнда 100 отбасыға азық-түлік салынған себеттер табысталды.

Алдағы күндері бұл акция өзге өңірлерде де жалғасады. Атап айтқанда, қор өкілдері Орал, Ақтау, Атырау, Семей, Түркістан, Көкшетау, Алматы және Қызылорда өңірлерінде игі істі жалғастырып, тағы 400 отбасыға «Рамазан себетін» табыстайды.

Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен жанашырлықтың айы. Осындай сәтте жасалған әрбір қайырымды іс мұқтаж жандарға үміт сыйлап, қоғамдағы бірлікті нығайта түседі. «Рамазан себеті» – тек азық-түлік емес, бұл – қолдау мен қамқорлықтың нақты көрінісі.
Бірге жасаған игі іс – мыңдаған отбасының қуанышына айналары сөзсіз. Жақсылық жасап жарысайық!