| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Мемлекеттік рәміздер күніне орай құттықтау жолдап, рәміздердің ұлттық бірегейлік пен тәуелсіздіктің басты символы екенін атап өтті, — деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Мемлекеттік рәміздер күніне арналған құттықтауында көк Ту, Елтаңба және Әнұранның мемлекет үшін айрықша мәнге ие екенін айтты. Оның сөзінше, бұл нышандар елдің егемендігін, бірлігін және ұлттық болмысын айқындайтын басты құндылықтар болып саналады.
Мемлекет басшысы әрбір азамат үшін бұл мерекенің маңызы зор екенін атап өтіп, рәміздер арқылы Қазақстанның әлем алдындағы дербес мемлекет ретіндегі келбеті қалыптасатынын жеткізді.
- Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді, — деді Мемлекет басшысы.
Жауапты органдарға рәміздердің мәртебесін күшейту және оларды қолдану мәдениетін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізу тапсырылды.