Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум қаласындағы демалысы кезінде суға батып кете жаздады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Haberler порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Бодрумдағы Кайнар ауданында орналасқан бес жұлдызды қонақүйдің жағажайында болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, Қадыров суға түскеннен кейін өзін жайсыз сезінген. Мұны байқаған жағажай қызметкерлері дереу медициналық қызметті шақырған.
Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, оны ауруханаға жеткізген.
Сондай-ақ, басылым Қадыровтың қазіргі жағдайы тұрақты екенін және өміріне қауіп жоқ екенін жазды.