471.45
547.21
6.63
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжілісте рақымшылық мәселесі көтерілді: қандай жаза кешіріледі?
Жаңалықтар

Мәжілісте рақымшылық мәселесі көтерілді: қандай жаза кешіріледі?

21.05.2026
мин
0
97
Сурет: ortcom.kz

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың кейбір түрлеріне қатысты рақымшылық жасау ұсынылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжілісте таныстырылған жаңа заң жобасы жауапкершілікті жеңілдетіп, айыппұлдар мен жаза мерзімдерін қайта қарауды көздейді.

Парламент депутаттары рақымшылық жасауға қатысты жаңа заңнамалық түзетулерді ұсынды. Бастама қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың бір бөлігін ізгілендіруге бағытталған.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлім еткендей, заң жобасында ауырлығы жеңіл және орташа қылмыстар бойынша жауапкершіліктен босату қарастырылған. 

- Заң жобаларымен қылмыстық рақымшылық аясында зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген зиян толық өтелген жағдайда ауырлығы аз және орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату ұсынылады. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша зиян толық өтелсе, жаза мерзімдерін қысқарту көзделген, – деді депутат.

Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысты да бірқатар өзгеріс ұсынылып отыр. Егер келтірілген зиян толық өтелсе, сотталған азаматтардың жаза мерзімін қысқарту тетігі қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да рақымшылық енгізу жоспарлануда. Ұсыныс аясында заң күшіне енгенге дейін төленбей қалған әкімшілік айыппұлдарды есептен шығару мүмкіндігі қарастырылған. Бұл норма жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге, нотариустарға, адвокаттарға, қандас мәртебесі бар азаматтарға және өзге де санаттарға қатысты болуы мүмкін.

Депутаттардың айтуынша, бастама қоғам қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндірмейтін құқық бұзушылықтарға қатысты гуманистік тәсілді күшейтуге бағытталған. Заң жобасы алдағы уақытта Парламент қарауына шығарылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл