Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
24 сәуірге қараған түні Ресей Украина аумағына кең ауқымды соққы жасады. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің бұл шабуылдарына байланысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Ресейдің Киевке бағыттаған соққыларына қарсымын. Бұл әрекеттер мүлдем орынсыз және уақыты да өте сәтсіз. Владимир, мұны тоқтат! Аптасына 5000 сарбаз қаза табуда. Келіссөзге келейік, бейбіт келісімге қол қояйық!, – деп жазды Трамп өзінің Truth Social парақшасында.
24 сәуірге қараған түні Ресей Украина аумағына кең ауқымды соққы жасады. BBC-дің Орыс қызметі мәліметінше, кемінде 8 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Кейбір тұрғындар үйінді астында қалып қойған, олардың бірі сегіз сағат өткен соң аман құтқарылған. Украина билігі 90 адамның зардап шеккенін, олардың 44-і ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.