Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: Бортта 49 адам болған
Жаңалықтар

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады: Бортта 49 адам болған

24.07.2025
1 мин
0
235
Сурет: Mash Telegram-арнасы

Ресейдің Амур облысында 49 адам отырған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазіргі таңда ұшақтың сынықтары табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алғаш болып ұшақпен байланыс үзілгені туралы ақпаратты Mash Telegram-арнасы таратты.

- Амур облысында рейс кезінде жоғалып кеткен Ан-24 ұшағының бортында 38 ересек, 5 бала және 6 экипаж мүшесі болған, – деп жазды басылым.

Бұл мәліметті кейін Ресей азаматтық авиация агенттігі (Росавиация) ресми түрде растады. РИА Новости дерегі бойынша, ұшақ Тында қаласынан 15 шақырым жерде, таулы және қиын өтетін аумақта табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан аман қалғандар жоқ. Аймақ губернаторы бортта 43 жолаушы (соның ішінде 5 бала) және 6 экипаж мүшесі болғанын нақтылады.

ТАСС агенттігі апаттың алдын ала себебі ретінде ұшқыштардың нашар көріну жағдайында қонуға әрекет жасауы кезінде кеткен қателікті атады.

Апатқа ұшыраған ұшақтың командирі – Вячеслав Логвинов. Ол "Ангара" әуе компаниясына жұмысқа дейін Ақтөбедегі Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтын тәмамдаған. Иркутск қаласында тұрған.

Бортсерік – Анастасия Бессмертная, бұл салада 2007 жылдан бері еңбек еткен. Жұмыс барысында болашақ жары – бортмеханикпен танысып, отбасын құрған. Екеуінің екі қызы бар.

Ұшақ жолаушыларының бірі – 55 жастағы Елена Великанова немересін жазғы демалысқа алып кету үшін жолға шыққан. Хабаровскіде тұратын Елена немересін алып, пойызбен Горный ауылына – өз үйіне баруды жоспарлаған. Билеттер бір апта бұрын сатып алынған. Соңғы рет ол сағат 10:04-те байланысқа шығып, "Ұшақтамын, қарсы алыңыздар" деп SMS жазған. Қазір ата-анасы немересіне әжесінің қаза болғанын айтуға дәті бармай отыр.

Тында әуежайында 40-тан астам адам ұшақ жолаушылары жайлы жаңалық күтіп отыр. Жақындарына көмек көрсету үшін Кувыкта кентінде арнайы қабылдау пункті (ПВР) ашылды.

Росавиация Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігімен (ТЖМ) және басқа қызметтермен бірлесіп, "Ангара" әуе компаниясына тиесілі Ан-24 ұшағын іздестірді. Ұшақ Благовещенск қаласынан Тында бағытына бет алған болатын.

Көп ұзамай ТЖМ жанған ұшақтың фюзеляжы табылғанын және құтқарушылар оқиға орнына аттанғанын хабарлады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл