Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ресейге қайта оралуым мүмкін» – Магомед Адиев
Жаңалықтар

«Ресейге қайта оралуым мүмкін» – Магомед Адиев

13.02.2024
1 мин
0
269
Фото: meta-ratings.kz

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге қайта оралу мүмкін, деп хабарлайды Dauletten.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бапкер өзі мәлімдеді.

«Маған ресейлік клубтардан ұсыныстар түсті. Бірақ мен циклді [Қазақстан құрамасымен] аяқтауым керек, сосын әрі қарайғы шешімді сол арқылы қабылдаймын. Мен өз сөзімнен қайтпаймын: мен плей-офф ойынын ойнағым келеді.

Әрине, жақын арада Ресейге жұмысқа оралуым мүмкін екенін мойындаймын. Бірақ мен бұл туралы армандаймын деп айта алмаймын. Мен әрқашан нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлығына толық көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға үлесімді қостым деп үміттенемін. Бар ойым алдағы ойындарда», – деді бапкер.

Айта кетейік, Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бері басқарып келеді. Бұған дейін «Ахмат», «Анжи» және басқа да ресейлік клубтарда жұмыс істеген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл