Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейлік VIP-туристер Байқоңырға арналған жолдамаларды белсенді сатып алуда
Жаңалықтар

Ресейлік VIP-туристер Байқоңырға арналған жолдамаларды белсенді сатып алуда

22.07.2025
1 мин
0
102

2025 жылғы қыркүйек айында Байқоңыр ғарыш айлағына арналған турлардың көп бөлігін Ресейдің VIP-санатындағы туристері сатып алған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Роскосмос" туристік компаниялармен бірлесіп Байқоңырға арнайы бағдарлама әзірлеген. Тур пакеті Мәскеуден чартерлік рейспен ұшуды, ғарыш айлағы аумағында орналасуды, музей кешені мен тарихи нысандарға экскурсияларды, сондай-ақ "Энергия-Буран" кешені мен басқару орталығына баруды қамтиды. Сапардың басты сәті – зымыранның ұшу сәтін шамамен 2 шақырым қашықтықтағы арнайы жабдықталған бақылау нүктесінен тамашалау мүмкіндігі.

Туроператор өкілдерінің айтуынша, бұл тур классикалық жағажай демалысы немесе экскурсиялық бағыттармен бәсекелеспейді.

- Байқоңыр – бұл ерекше туристік өнім. Мұнда бес жұлдызды қонақүй немесе люкс сервис жоқ. Бірақ туристер адамзат тарихындағы ұлы жетістіктің куәсі бола алады. Бұл – нағыз эмоциялар сыйлайтын бағыт, – дейді "Роскосмос" серіктесі болып табылатын туроператордың жетекшісі Евгения Конколь.

Бір адамға арналған тур бағасы – 450 мың рубль (22 шілдедегі бағам бойынша 3 миллион теңгеден сәл асады).

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тур бағдарламасы ұзақ жаяу жүру мен көлікпен қозғалу сәттерін қамтитындықтан, қауіпсіздік пен жайлылық мақсатында 14 жасқа дейінгі балаларға турға қатысуға рұқсат берілмейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл