Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Республикалық Құранды жатқа оқу байқауына 8,3 млн теңге тігілді
Жаңалықтар

Республикалық Құранды жатқа оқу байқауына 8,3 млн теңге тігілді

07.04.2023
1 мин
0
537

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда қыздар арасында Құранды жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауы өтеді. Бұл туралы ҚМДБ мәлімдеді,  деп хабарлайды Dauletten.kz.

6-7 маусымда өтетін байқауға әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ғана қатыса алады. Олар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды.

Жалпы жүлде – 8,3 млн теңге. Атап айтқанда:

Құранды толықтай жатқа оқу бойынша:

1-орын (1,5 млн теңге);

2-орын (1,2 млн теңге);

3-орын (1 млн теңге).

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (1 млн теңге);

2-орын (800 мың теңге);

3-орын (600 мың теңге).

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (600 мың теңге);

2-орын (400 мың теңге);

3-орын (300 мың теңге).

Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (400 мың теңге);

2-орын (300 мың теңге);

3-орын (200 мың теңге).

Үміткерлердің құжаты 15 мамырға дейін қабылданады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • 30 жастан аспаған ҚР азаматшасы;
  • әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
  • жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы;
  • үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында I орын алған жағдайда жарысқа жолдама ала алады;
  • әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
  • іріктеуден өткен үміткер номинациясын ауыстыра алмайды;
  • ақтық сайысқа келген үміткер жарысқа қатысудан бас тарта алмайды;
  • Құранды толықтай жатқа оқу номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын (1 орын) алмаған болуы керек;
  • 2022 жылғы IІ республикалық Құран жарысындағы 5-10 және 20 паралары бойынша жеңімпаздар (1 орын) тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады.

Талап етілетін құжаттар:

  • Анкета (бекітілген үлгі бойынша);
  • жеке куәлік (паспорт) көшірмесі;
  • 1-орын сертификатының көшірмесі;
  • ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамының ұсыныс хаты.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл