Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«RoboZerde-2023» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар

«RoboZerde-2023» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

13.05.2023
1 мин
0
955

Елордада тұңғыш рет өткен Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, «Роботек» робототехника мектебі және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры бірлесіп ұйымдастырды. 

Фестивальдің ашылу және жабылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының басшысы, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, журналистер, блогерлер қатысты. 

Өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауларында айтылған елімізге қажетті болашақ техник мамандарды дайындауға қолдау көрсету, оқушылардың жасаған инновациялық жобаларын, өнертабыстарын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен насихаттау фестивальдің басты мақсаты болды.

Фестиваль белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмінің тұсаукесерімен ашылды. Шараның «РобоСпорт» бағыты ЕҰУ «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешенінде, «Шығармашылық жоба» бағыты «Күлтегін» атриумында өтті.

Әрбір оқушы робототехника саласында жаңа белестерге жетіп, осы салада өзін көрсете алатын  зор мүмкіншілік алды. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл